"Бұнысы артық енді... Муфтият əкімшіліктің бір департаменті болған ба мешіттің ішінде қонағын күтетін? Турист болсын, келсін, көрсін ... Бірақ молдамен құшақтасып сүретке түсуі қалай сонда? Қай əдепке жатады? Біз өзіміз діни қызметкерлерге құрметпен қараймыз, бұлардікі не? Басқа елге барсақ, солардың тəртібіне, дəстүріне көнеміз, ал бұлар босаңсып кетпеді ме мешіттің ішінде? Мазақ болма, қазақ", - деп жазды Әбенов Instagram желісіндегі парақшасына.
Қазақстанға келген Голливуд жұлдыздарының ішінде Бай Линнің мешітте имамдармен құшақтасып суретке түсуі желі қолданушылары арасында да қызу талқыға түсіп жатыр.