Сурин провинциясында тұратын 62 жастағы Дуангджей Самаксамамның қолдары бала кезінен бастап өсуін тоқтатпаған. Оның үстіне қолға жиналған қалың қабат майдың салдарынан әйел жиырма жыл бойы үйінен шықпайды.
Ел алдына шығудан ұялып келген әйелдің әр қолы жиырма келі салмаққа ие.
Нәтижесінде ыдыс аяқ жуудан бастап, тамақ ішуге дейін кішігірім тіршіліктерді жүргізу Дуангджейге айтарлықтай қиынға соғуда.
Әйел қолынан ұялғаны сонша, қатарластарымен араласпақ түгілі, мектепке бармай қойған. Салдарынан әріп танымайтын Дуангджей талай дәрігердің табалдырығын тоздырады.
Ақ халаттылар оның қолындағы майдың 700 грамын алып тастағаннан кейін әйелдің қолы екі есе ісініп, қатты ауыратын болған.
Дәрігерлер әйелге қолын мүлде кесіп тастауды ұсынғанымен, Дуангджей бұл ерекшелігіне бейімделіп үлгерді.
Әйел қарт ата-анасының кәсібін дөңгелетіп, оларға қамқор болуда.
Дереккөз: ktk.kz