Қайрат Түнтеков Димаш Құдайбергеннің артынан Қытайға кететін болды, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Түнтеков Ratel.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Қайрат Түнтеков Димаш Құдайбергеннің артынан Қытайға кететін болды
"Маған көрші елдерден түрлі ұсыныс түсіп жатқаны рас. Ресейлік продюсер Максим Фадеев те бірігіп жұмыс жасағысы келетінін жеткізді. Бірақ менің таңдауым Қытай еліне түсті. Бұл жөнінде арнайы келісімшарт та жасасып қойдық. Алла қаласа, ата-анамның батасын алып, сол жаққа аттанамын. Қытайды таңдаған себебім, бұл өте алып мемлекет. Халқының саны да айтарлықтай көп. Сол көпті өнеріммен мойындата алсам, ары қарай Америка асып кетуім де мүмкін. Неге десеңіз, мойындау керек біздің елде шоу-бизнес жоқ. Той-бизнес қана мығым дамыған. Өйткені өнерпаз атаулының барлығы халықтың тойының арқасында нәпақасын айырып жүр. Ал мен шоуды таңдаймын. Сол себепті кісі еліне кетіп бара жатқан жайым бар. Бұл туған жерімнен жерігендіктің белгісі емес. Мен туған жерімнің әрбір тасын, аққан суын, атқан таңын ерекше сүйемін. Мақсатым қазақ деген ұлы халықтың өнер мен мәдениеттен кенде еместігін өзгелерге мойындату", - деді Қайрат Түнтеков.
Қайрат Түнтеков отандық продюсерлердің ішінде басына күн туғанда өзінен теріс айналып кеткендер де болғанын жасырмады.
"Ұсыныстар бар. Бірақ шетелге кетіп бара жатқаннан кейін әлбетте сол жақтың продюсерлерімен жұмыс жасауға тура келеді. Бұған дейін елдегі біраз продюсерлермен қоян-қолтық араласып, қызмет жасадым. Басыма күн туғанда теріс айналғандары да болды. "Бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды" деген аталы сөз бар ғой. Бар ынтам өзімнің аяқтан тұрып кететіндігімді тыңдарманға дәлелдеу болды. Тілегім орындалып, көптің демеуімен сахнаға қайта көтерілдім. Ендігі мақсатым осы биігімнен құламау", - деді Түнтеков.
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13