Ескі аяқ киімді тастамаңыз, жаңартып алыңыз
14.02.2018, 17:49

Ескі аяқ киімді тастамаңыз, жаңартып алыңыз

Ақ түсті биік өкшелі аяқ киім қай қыз келіншекті болмасын,қызықтырады. Әттең тез тозып,түсі өңіп кететіндігі болмаса. Аяқ киімге сызат та тез түседі. Бірақ ондай аяқ киімдерді тастауға асықпаңыз.

Оны жаңартып алудың әдістері бар:

Алдымен керек жарағыңызды сайлап алыңыз. Акрилді бояулар, қылқалам, медициналық спирт, желімді лента және мақта қажет болады. Ал бастаймыз.

1)Медициналық  спиртпен былғары  аяқ киімнің беткі  қабатын тазалап алыңыз.Сосын желімді лентамен басқа түспен бояғыңыз келген тұстарды көмкере тұрыңыз.

2)Аяқ киімнің негізгі  түсін  қандай түспен бояғыңыз келеді,алдымен бояу жұмысын содан бастаңыз.

3)бояп болғаннан кейін  аяқ киімді 20 минут кептіріңіз де бояу жағуды тағы қайталаңыз.Сонда түсі қанық болып шығады,екінші рет боялғаннан кейін ол толықтай кебу қажет.

4)кепкен бояудың бетінен  кәдімгі парафинмен сүртіп шығу қажет.Содан кейін жұмсақ матамен сүртіп алыңыз.Сонда былғарының өзіне тән бейнесі қалпына келеді.

Жұмыс бітті,аяқ киім  дайын.

Қара  түсті аяққиімді сәндегіңіз келсе...

Қазір кез келген тігін фурнитураларында әщекейлік тастардың түр түрі сатылады.Сәнге мән берсек,бүгінде тастармен безендірілген киімдер  кештердің сәнін ашатын көрінеді.Қара аяқ киімді де  қажет  деп санаған жерін  тастармен   сәндей аласыз.

Ескі спорттық киімді  жаңартып,немесе  сәнін  өзгертіп демалыста ғана   емес,күнделіктте   кию үшн сәндеп аласыз.Ол үшін қажетті тастар мен түймешелер желімдер қажет боады.

Өкшесі сырылып қалған аяқ киімдер де болады.

Ол үшін өкшені спиртпен сүртіп  алып.оған түссіз лак жағыңыз.

©kenester.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер