Егер диванға дақ тисе оны тез сабынды суға малынған дәкемен сүрту керек. Сосын таза дәкемен қайта сүрткен жөн.
Есіңізде болсын. Химиялық қоспалар қосылған тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Ол матаның түсін өзгертіп жібереді.
Диванның матасын жуу барысында мына жағдайларды ескеріңіз.
Қолмен немесе кіржуғышпен жусаңыз да тек жылы суға жуыңыз.
Өзге заттармен араластырмай тек өзің ғана жуыңыз.
Есіңіз де болсын жуып болған соң матаның суын қатты сықпаңыз. Пішіні бастапқы қалпынан өзгеріп кетуі әбден мүмкін.
Әр дақты жуудың өз әдісі бар.
Егер диванға кофе төгіліп кетсе оны сабынды судың көмегімен жоюға болады. Ол үшін дәкені сабынды суға малып сонымен бірнеше рет сүртеді. Артынан таза дәкені суға салып қайта сүртеді. Сонда дақтың ізі де қалмайды.
Шокаладтың құрамында май болғандықтан мұны тазалау оңай емес. Сондықтан бұл кезде дәкені басымырақ сабындап сонымен сүрту керек. Соңынан таза дәкені таза суға салып малып қайта сүртесіз.
Егер ақ шарап төгілсе бір стакан суға бір ас қасық метилл спиртін қосып оған дәкені батырып сүрту қажет. Бұдан кейні дәкені сабынды сумен малып шырын төгілген жерді сүрту қажет.
Тосап төгілсе сірке суын яғни уксусты пайдаланған жөн. Тек аз ғана қосып жусаңыз болады.
Сағыз жабысса алдымен сағызды құрғатып сосын арнайы құралмен немесе пышақпен оны қырып алған жөн. Түбінде қалған қалдығын метилл спиртімен кетіре аласыз.
©kenester.kz