Ерлі зайыптылар Бақыты кешірімді болуларында
01.02.2018, 15:41

Ерлі зайыптылар Бақыты кешірімді болуларында

Бүгін сіздерге жас отбасыларға, ерлі - зайыптыларға кеңес ретінде, бақытты отбасы болудың кілті мен қарапайым ғана қағидаларын мазмұндайтын пайдалы әңгіме ұсынғанды жөн санадық.

Ерлі-зайыптылар тез-тез жанжалдасып қала береді екен.
Күйеуі: – Бір сөзден қалсаң қайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңды иейін демейсің,- депті.
Əйелі болса: – Неге бас иеді екем? Күні бойы менен бір ауыз жылы сөзіңізді қызғанасыз, көңіл аудармайсыз,- дейді.
– Өзің əрдайым уыңды шашып отырсаң, қалай жақсы сөз айтайын?! Айып өзіңнен ғой…
Осылай дау-дамайлары жалғаса береді екен…
Екеуінің айқай-шуынан мезі болған көршісі келіп:
– Пəлен жерде жақсы бір данышпан кісі бар. Соған барыңдар. Сендердің күрмеуі қиын мəселелеріңді сол шешіп береді,- депті.
Ерлі-зайыптылар сол данышпанның алдына барыпты. Данышпан əуелі күйеуінің, сосын əйелінің мұң-шағымын тыңдап, екеуіне де екі-екі парақтан ақ қағаз беріпті де: – Мəселелеріңді шешіп беремін, тек осы қағазға бір-бірлеріңнің көңілдерің толмай жүрген кемшіліктеріңді жазыңдар,- деп, екеуін екі бөлек бөлмеге кіргізіп жіберіпті. Əйел бір жарым параққа күйеуінің кемшіліктерін жазыпты. Күйеуі екі параққа да жұбайының кемшіліктерін жазып тастапты. Бірақ сонда да кемшіліктерін жазуға қағаз жетпей қалыпты. Содан данышпан отырған бөлмеге кіріп:
– Берген қағазыңыз жетпеді, əйелімнің кемшіліктерін жазуға. Мүмкін болса тағы үш ақ парақ берсеңіз,- деп сұрайды.
Сонда данышпан:
– Берген қағазым жетпейтінін жəне сен тағы қағаз сұрап келеріңді біліп едім. Сен негізі онымен ажыраспақшысыңба əлде татуласпақсыңба?- деп сұрақ қойыпты. Сонда жігіт:
– Жоқ, екі перзентім бар. Ажырасу ниетім жоқ. Тек əйелім сəл өзгерсін. Маған бас иіп, мойынсұнса деймін де…- деп жауап қайырады.
Данышпан сонда жігітке былай дейді:
– Еркектің əйелмен ешқашан теңдеспеуі керек. Егер əйелі бас игенін қаласа, ерлік құқығын қолдан бермеуі керек. Міне саған да, оғанда қағаз бердім. Əйелің жазса сенде жаза беруің керекпе? Сен онымен тəжікелесіп тұрған соң əйелің де солай жасайды емеспе? Сен еркексің, бірақ неге əйеліңнің əйелдік құқығына таласасың? Нағыз ер бол! Бас бол! Осыны ұмытпа! Қолыңдағы қағазды жыртқын да, мына ақ қағазды ал. Еш нəрсе жазба, бөлмеге барып, мен шақырғанда ғана кел. Мен рұқсат етпейінше сөйлеме!- деп бөлмеге қайта жіберіпті. Біраздан соң данышпан екеуін құзырына шақырып, əйелге:
– Кəне, жазғандарыңызды оқыңыз,- дейді. Əйел оқи кетіпті:
– Менің бар-жоғымды да сезбейді, маған уақыт бөліп сұхбаттаспайды, көңіліме қарамайды, аяқтары терлейді, сигарет шегеді, үйге тым кеш келеді, ерте кетеді… – деп, ұзын-сонар тізімін оқып тастайды.
Кейін данышпан:
– Енді сен жазғандарыңды оқы,- дейді күйеуіне. Күйеуі бос ақ парақты данышпанға береді. Сонда данышпан:
– Əйеліңнің кемшілігін таба алмапсың ғой,- деп жымияды.
Сонда əйел күйеуінің еш нəрсе жазбағанын, демек ол өзін қандай болса сондайлығынша сүйетінін, оның кемшіліктерін жазып қателескенін түсініп, күйеуінің аяғының астына өзін тастап, көзінен жас төгіле:
– Кешіріңіз мені, мендей ынсапсызды кешіріңіз… Мен əдеттегідей маған теңдесіп сіз де жазасыз деп ойлаппын. Мен ақымақты кешіріңіз өтінем!- депті.
Күйеуі əйелінің мұндай əрекетін күтпеген еді. Бас иіп тұрғанын көріп, өзінің бұрынғы қателерін түсініпті. Бас иіп тұрған жұбайына сүйіспеншілігі, мейірімі ояныпты. Ерлі-зайыптылар татуласып, данышпанға алғыстарын айтып үйіне қайтыпты!!!

©elana.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер