Миллиардерлерді табысқа жеткізген 10 қағида
01.02.2018, 11:01

Миллиардерлерді табысқа жеткізген 10 қағида

Кезінде Опра Уинфри «менің ешқашан ақша табуды мақсат тұтпадым, сондықтан қаржылық табысқа қол жеткіздім» деген. Шынында тарихқа үңілсеңіз, табысты адамдардың ақша табуды көздемегенін аңғарасыз. Мысалы: Марк Цукерберг әлемді өзгерткісі келсе, Илон Маск – Марста мегаполис салғысы келеді.

Қаржы нарығына өз күшімен қол жеткізгендерден үйренеріміз көп. Сондай-ақ, өміріңізді жақсарту үшін жетістікке жеткен адамдардың кейбір қағидаларын біле жүріңіз.

Алдыңызға мақсат қойып, оған жету жолын ойластырыңыз.

Жетістікке жету үшін алдымен мақсат болу керек. Мақсатқа жету туралы ойлар мен армандар адамның рухын түсірмей, көңілді жүруге көмектеседі.

Мәселен, Стив Джобс ешқандай телефон шығарғысы келмеген. Ол пайдалануға жеңіл, компьютердің функциялары бар телефон шығаруды көздеді.

Мақсат нақты болу керек. Мысалы, сіз торт пісіруді ұнатасыз және бұл іспен жиі айналысқыңыз келеді. Осы арқылы ақша да таба аласыз. Мақсатыңыз «ақша үшін торт пісіру» болса, бұл дұрыс емес. Ал, «мен пісірген торттарымды сататын кондитерлік дүкен ашқым келеді» дегеніңіз әлдеқайда абзалырақ.

Немесе әлемдік саяхат туралы армандасаңыз «саяхаттау үшін 20,000 доллар табыс табамын» деген мақсат қойғаныңыз дұрыс.

Жоспар құрып, сол бойынша әрекет етіңіз

Сіздің дүниежүзілік саяхатыңыз қандай болады? Немен барасыз? Қай компания арқылы? Қайда барасыз? Қай мезгілде барасыз?  Бәрі нақты жоспарлануы керек.

Илон Маск Марсқа колонизация жасағысы келіп, жоспар жасады. Ол Марсқа ұшудың қымбатқа түсетіндігін көргеннен кейін, кеңістікке ұшатын арзан көлік ойластырып жатыр.

Мысалы, сіздің мақсатыңыз лайнерде сапар шегу үшін  20,000 доллар табу емес, сонымен қатар көлік мәселесін шешетін серік табу керек.

Өзіңізге шектеу қоймаңыз

Эмоцияңызды басқара біруіңіз қажет. Себебі, жетістікке жету үшін қажет болған жерде эмоцияны көрсете білу керек. Сонымен қатар, өзіңіздің шынайы сезімдеріңіз бен көңіл-күйіңізді көрсетуден ұялмаңыз.

Істеген ісіңді жақсы көр

Мақсатыңызға жету үшін тырыспасаңыз, көп уақыт жоғалтасыз.

«1962 жылы Джон Кеннеди NASA ғарыш орталығында болды. Кеңселердің бірінде өз жұмысына қатты беріліп, еден жуушының келгенін де байқамай қалған. “Сәлеметсіз бе, мен Джон Кеннедимін. Бұл жерде не істеп жатырсың? »- деп сұрақ қойған миллионерге еден жуушы: «Мен адамдар айға ұшып кету үшін жұмыс істеймін, президент мырза»,-деп жауап берген екен.

Сондықтан, жұмысыңызды жақсы көрмесеңіз, оған деген көзқарасты өзгерту қиын. Жақсы көрмейтін істі тастауға болады. Бірақ, алдымен өзіңіз шын ниетіңізбен қалаған істі тауып алуыңыз керек.

Ал қазіргі жұмысыңызды мақсатқа жету құралы ретінде қарастырсаңыз да болады.

Ақшаны ақылмен жұмсай біліңіз

«Ақшаны тапқаннан гөрі, ақылмен жұмсау қиынырақ болады»,- дейді Стив Джобс. Сондықтан мақсатқа жету үшін, керек емес заттарға ақша жұмсай бермеу керек.

Уақытыңызды үнемдеңіз

Ақшаны ақылмен жұмсағаныңыздай, уақытты да ақылмен басқара біліңіз. Көпшілігі киім таңдаумен немесе бірнеше жұмысты қолға алып, кейіннен жарты жолда тастап уақыт жоғалтып жатады. Оның орнына, уақытты спорт сияқты пайдалы нәрселерге жұмсау керек.

Басымдылыққа ие болыңыз

Атқаруға тиісті бірнеше жұмыс шығып тұрса, алдымен бір істі бітіріп, нәтиже шығаруға тырысыңыз. Уақытыңызды отбасыңызбен өткіземін деп шешім қабылдасаңыз, жұмысқа немесе достарыңызға көңіл бөлмеңіз. Бәріне үлгеремін деп, бірнеше істің басын алып жүру адамның күш-жігерін төмендетеді.

Өміріңізді қиындатпаңыз

Ричард Брансонның айтуынша, күрделі нәрсені барлығы жасай алады, ал қарапайым нәрсе жасау үнемі қиын. Кейбіреулер бәрінің көңілін табуға міндеттімін деп өз өмірін қиындатады. Немесе, өздерін ұнатпайтын адамдармен араласуға міндеттейді. Адам өмір сүру үшін ауа жұтып, тамақтануға ғана мінтетті. Қалған жағдайда міндеттімін деп өмірді қиындату ақымақтық.

Стереотиптерге және басқа адамдардың басынуына жол бермеңіз

Басқалардың көлеңкесінде жүремін деп уақытыңызды бос өткізіп алмаңыз. Көптеген миллиардерлер ешкімге ұқсамауға тырысқанның арқасында жетістікке қол жеткізген. Басқалардың пікіріне бағынышты болу жетістікке апарар жолды жауып тастады.

Басқалар үшін де өмір сүріңіз

Өзгелерге көмектесіп, қол ұшын созып тұратын адамдар өзінің қоғамға керек екенін сезінеді. Біреуге өз уақытыңды, көңіліңді бөле отырып өзіңді шыңдай түсесің.

Әрине, жоғарыда сипатталған қағидалар сізден бір түнде миллиардер жасай алмайды. Бірақ жетістік ақшамен өлшеніп қалмайды. Бақыт – ең алдымен сүйікті ісіңмен айналысу және өзің дұрыс деп санайтын нәрсені істей білуде екенін ұмытпаңыз.

Дереккөз: stan.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер