Арым мазалайды, не істеуіме болады?
31.01.2018, 15:26

Арым мазалайды, не істеуіме болады?

Ар, ұят, намыс туралы көптеген ойлар айтылып жатыр. Біз кезекті кеңесімізде жай ғана мақала дайындауды жөн көрмедік, біз өмір мысалдарынан алдық. Ар, ұят, намыс тақырыбында жазылған келесі өмірлік мәні бар кеңестерді оқи отырыңыз.

Арым мазалайды, не істеуіме болады?

Сұрақ:

— Саламатсыздар ма? Өзімнің іс-әрекетіммен анамның көңіліне жара салдым. Бірнеше рет кешірім сұрағандықтан анам мені кешірді және менің осылай қиналып жүргенімен таң қалады. Менің ойымша анам маған әлі де ренжіп жүрген секілді. Бірақ, оның түрінен маған деген реніш байқалмайды және ол өзі де мен саған ренжімеймін, баяғыда-ақ ұмытып кеткенмін дейді. Дегенмен, ол менің кесірімнен қиналатын секілді. Не істесем болады? Мүмкін шыныменде ол маған ренжімейтін болар? Көмектессеңіздер!  Ар, ұят, намыс тақырыбында жазылған.

Жауаптар:

1) — Енді анаңызды ренжітпеуге тырысыңыз. Ар, ұят, намыс мәселесі кез келген адамның жанына бататын дүниелер. Егер анаңыз кешірдім десе, шыныменде ол кісінің кешіргені. Ананың аты қашанда ана кешіреді ғой. Оған көп көңіл бөл, қамқор бол.

2) — Анаңыздың көңілін аулауға тырысыңыз. Үй шаруасына көмектесіңіз. Еден жуыңыз, ыдыстарды жуыңыз. Осылайша өз кінәңізден арылдым деп есептеңіз. Дегенменде, келесіде бір нәрсе жасар алдында осы мәселеден сабақ алып, әр қадамды аңдап басқан дұрыс болады.

3) — Біз пендеміз. Өмірде ар, ұят, намыс мәселесіне қатысты әртүрлі жағдайлар болып жатады. Сіз қателестіңіз және одан сабақ алдыңыз. Өмірдің мәні де осында. Өмірде қателеспейтін адам болмайды. Қателеспеймін деген адам, өмірде бір орында қозғалыс қалған адам деген сөз. Сондықтанда тек алға!

©kenester.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер