Оңтүстік Африка жерлеу бюросының қызметкерлері табытты қазу барысында әйелдің жанында нәрестені тапқан. Жынысы анықталмаған нәрестені анасымен бірге жерлеген. Оңтүстік Африкада 33 жастағы қайтыс болған әйелдің жерлеу рәсімінен кейін, 10 күн өткен соң босанған. Жерлеу бюросының қызметкерлерінің бірі табыттан баланы тапқаның Times Live-ке хабарлаған.
"Бізде бұл жағдай алғаш орын алып отыр. Көргенде қорқып, тіпті нәрестенің жынысын да қарамаппыз. Осы қызметте жұмыс жасағаныма 20жылдан асса да ешқашан қабірде өлі әйел босанды дегенді естімеппін", — деді ол.
Өлі туған сәби анасымен бірге жерленген. Медицина мамандарының айтуы бойынша, әйел қайтыс болғаннан кейін бұлшық еттің жиырылуының нәтижесінде сәби дүниеге келген.