Ең аңғал ұрылар төрттігі! Полицейлер олар туралы анекдот айтып жүр
29.03.2018, 12:03

Ең аңғал ұрылар төрттігі! Полицейлер олар туралы анекдот айтып жүр

Жолдасбек ДУАНАБАЙ Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Төсбелгіні ұмыту, тыржалаңаш шешіну, анекдотқа күлу және ұйықтап қалу. Міне, бұлар қолға түсу оқиғалары ішек-сілеңді қатырарлық ұрылар төрттігінің сорын қайнатқан нәрселер екен. Бұл қалай болды, оны білу үшін мына деректерге үңілелік.

Өзін-өзі екі рет ұстап берген аңғал ұры

Бірде Браун есімді жігіт оңай ақша табуды ойлап, өзі қызмет істейтін поштаның банкін күштеп үптеп кетуді жөн санайды. Мекемеге баса көктеп кіреді. Бетіне маска киіп, қолына қару ұстағанымен, ол киіміндегі Браун деген жазуы бар төсбелгіні жасыруды ұмытып кетіпті.

Осылайша, өзін өзі ұстап берген жігіт бес жылын түрмеде өткізеді. Бостандыққа шыққан ол ақша табу үшін тағы да күш көрсетпекші болады. Бұл жолы да банкке бас сұққан Браун жұртты айғай салып дүрліктіреді. Қалтасынан алған қағазына «Ақша бер, әйтпесе атамын!» деп жазып, оны  кассирлердің қолына ұстатады.  Олар ақшаны бергенімен, ұры әлгі қағазын сол жерге тастап кетіпті. Полиция тексергенде қағаздың екінші беті Браунға полициядан жіберілген қағаз екені анықталады. Осылайша, қайта қолға түсіпті.

Сақ қарға сағағынан ілінген...

Калифорнияда дүкен тонаған бір әңгүдік қылмыс орнынан көп ұзамай ұсталып қалыпты. Көшеде тыржалаңаш жүрген оны полиция тұтқындап, тергеуге алады. Тексере келгенде ұры ұсталып қалмау үшін киімдерін түгел қоқыс жәшігіне тастап кетіпті.

Үй тонап, ұйықтап қалыпты

Детройт қаласында пәтер ұрысы хан сарайындай үйдің иесі қоларбаларын көлігіне салып,  алыс жолға шыққанын байқап қалады. Ол кетісімен үйге кірген сумақай бағалы заттарды жинастырып, жақсылап тамақтанып, тіпті шарапқа да тояды. Содан соң бір мызғып алуды ұйғарады.

Өкінішке қарай үй иесі жолы болмай, сапардан үйіне қайта оралады. Жайбарақат ұйықтап жатқан сұғанақты бірден полицияға ұстап беріпті.

Анекдотқа күліп, өздерін ұстап бергендер

Оак Хиллдан демалыстан оралған бір отбасы кешкі ас үстінде бір оқиғаны еске алып, көздерінен жас аққанша күледі.  Бұл жағдайға үйдің екінші қабатынан да күлген адамдардың дауысы шығады.

Бұл ештеңе алып үлгере алмаған ұрылардың дауысы болып шығады. Күлген жақсы, бірақ оның да кейде трагедиямен аяқталатындығын ескеру керек. Үйден шығып үлгермеген ұрылар сол мезетте-ақ полиция қолына тапсырылады.

© aikyn.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер