«Бұл ағаштардың алғашқы санағы еліміздің табиғи байлығы туралы ақпаратты таратудың тиімді әдісі болды», - деп мәлім етті ведомствоның басшысы Маурицио Мартина. Сардинияда өсетін зәйтүн ағашының тізбесін шамамен 4 мың жыл бұрын отырғызылған ағаш бастап тұр. «Ардагердің» бұтақтары 14 метр биіктікке жеткен, ал ағаштың ұшар басының диаметрі 21 метрден асады. Министрлік атап өткендей, бұл Еуропадағы ең көне ағаштардың бірі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.