Барлығымыз ерінді нәрлендіру үшін бальзам жағу керек деп ойлаймыз. Әрине кейбір бальзамдар шынымен көмек беруі мүмкін, бірақ көбінің құрамында спирт болады. Ең ұтымды шешім – косметикалық вазелин жағу.
Қайызғаққа арналған сусабындарМай бездерінің жұмысының бұзылуынан баста қайызғақтар пайда болуы мүмкін. Әдеттегі сусабындар бұл мәселені шеше алмайды. Сондықтан сізге дәріханаларда сататын арнайы сусабындарды алу керек.
Шаштың ұштануына қарсы сұйықтықтарШаштың ұштануына қарсы сусабын, бальзам және түрлі сұйықтықтардың мүлде пайдасы жоқ екен. Аз ғана уақыт шаштың ұштарын түзеуі мүмкін, бірақ ол кейін қайта шығады. Сондықтан ең ұтымды таңдау – шаштың ұшын кестіру.
Қолға және аяққа арналған кремдер мен денеге арналған лосьондарТағы бір миф – дененің әр мүшесіне әр түрлі күтім мен арнайы кремдер керек. Бұл маркетолгтардың ойлап тапқан дүниесі. Әрине бетіңіз ерекше күтімді қажет етеді. Ал басқа жерге бір кремді пайдалана берсеңіз болады. Барлық кремдер мен лосьондардың қасиеті мен құрамы ұқсас болғандықтан оны қолыңызға да, денеңізге де қолдана беріңіз.
Бетке арналған тоникБетке арналған тоник – қыздар үшін аса қажет деп табылатын сұйықтық. Біз мұны дұрыс бет күтімі үшін керек деп білеміз. Оның орнына бетті тазалайтын сабындарды пайдалана беруге болады екен. Оның құрамында спирт жоқ, сол себепті теріге зиян келтірмейді.
Дереккөздер: Adme.ru Baribar.kz