1. Өзіңіз тұратын жердің климатына лайықты ит асырағаныңыз абзал. Егер сіз суық климатты аймақта тұратын болсаңыз, суыққа төзімді ит асырау керек болады. Суыққа төзімді ит тұқымына аляскалық маламуттар сібірлік хаски және чау чау деген пародалы иттер жатады.
2. Итіңізді төбесі жабық арнайы үйшікте ұстаңыз. Бұл иттің жаурамауына ықпал етеді.
3. Иттерге арналған арнайы киім кигізуді ұмытпаңыз. Сыртқа қарға итіңізді серуендетер кезде оған ықпал өткізбейтін киім кигізіңіз.
4. Суық иттің табанынан өтетінін ұмытпаңыз. Сол үшін қарда серуенге шығарда итке арналған арнайы бәтеңке кигізіңіз. Сондай-ақ бұл қарды еріту үшін себілетін химикаттар мен тұздардан да ит табанын қорғайды.
5. Көшеге шықпас бұрын ауа температурасын міндетті түрде тексеріңіз. Қыста ауа температурасы кенеттен салқындап кете салуы мүмкін.
6. Иттің үйшігіндегі еден сыз жерден жоқ дегенде сегіз сантиметр биікте болғаны дұрыс.
7. Итке қыстың күні дұрыстап тамақ беру керек. Бұл жазда берілетін мөлшерден әлдеқайда көп болуы тиіс. Тоқ ит суыққа төзімді келеді.
8. Бірнеше желім қауашаққа ыстық су құйып иттің үйшігіне қойыңыз. Бұл да үйшікке жылудың уақыт сақталуына септігін тигізеді.
9. Итіңізге мезгіл мезгіл тәтті кәмпит беріп оны сылап-сылап еркелетіп отырыңыз. Итіңіздің жүрегін сіздің аялы алақаныңыз бен тәтті кәмпиттен өзге ештеңе де жылыта алмайды.