Сарғайып, ескіре бастаса…
Кез-келген түбітті тон сарғайып ескіреді. Дегенмен, бұл процесті баяулатуға болады. Әсіресе бұл ашық түсті және көгілдір түстілерінде көзге анық байқалады. Егер, тоныңыз жаз бойы шкафта ілулі тұрса тез сарғаяды. Тіпті, ішкі былғарысы да көнере бастайды. Былғарыдан жасалған түбітті киімдер екі түрлі жолмен сарғаяды. Суланған кезде өзінің беріктігін жоғалтады, оны химиялық жолмен тазарту қиын. Екіншісі, ешқандай тазалауға келместен, жыртылып қалуы мүмкін.
Сонымен қатар, сарғайған тоныңызды аква-тазалау және бояйтын химиялық заттары бар кез-келген химтазалау мекемесі бояп бере алады. Себебі, тонды қайта бояту ақшаға, біліктілікке, құрылғының деңгейіне байланысты емес. Қазіргі барлық жұмсақ жеңіл тондар бояту барысында жоғары қызудағы температураға төзбейді. Соған қарамастан боятар болсаңыз, маманмен ақылдасқаныңыз жөн.
Түбіт түсе бастаса…
Кез-келген тонның түбіті уақыт өте келе түсе бастайды. Егер тоныңыздың түбіті орындыққа отырған кезіңізде түсе бастаса, онда ескірді деген сөз. Егер тоныңыздың түбіті түбіндегі терісімен қосылып түсіп жатса оны қайта жөндетуге келмейді. Ал, түбіт орта белінен сынып түсе бастаса оны жөндетуге болады.
Химиялық тазалауға қанша рет беруге болады?
Химиялық тазалауға көктем мезгілінде берген дұрыс. Түбіт тоныңызды негізінен 4-6 ретке дейін химиялық тазартуға бере аласыз. Сол себепті, тоныңызды таза мұқият киюге тырысыңыз. Түбітінің су болып қалмауына жол бермеңіз. Үтік пайдалануға, түбітті пластикалық қаптамада сақтауға болмайды. Күннің көзіне де қалдырмаңыз және де түбітті өз бетіңізше «халықтық» тәсілдермен тазалауға кіріспеңіз.