Құрамы: 250 гр шаян таяқшалары; 5 жұмыртқа;
2 жас қияр; 1 бума жасыл жуа; 2 «Дружба» ірімшігі; 1 жасыл алма; 1 қызыл бұрыш; 250г зәйтүн жемісі; майонез.
Дайындау тәсілі: Ең алдымен шаян таяқшаларын ұсақ етіп турап, жартысын (ағын) үккіштен шығарып сәндеуге алып қоямыз. Қиярды, жасыл жуа мен алманы да ұсақ етіп тураймыз. Ал ірімшікті үккіштен шығарып, екіншісін сәндеуге алып қоямыз. Содан, туралған тағамдарды майонезбен араластырып, дәміне қарай тұз қосамыз. Шағын табаққа салып, аяз атаның басының пішінін келтіреміз. Енді сәндеуді бастаймыз: Сақалы мен тақиясын жұмыртқаның ағы мен ірімшікті майонезбен араластырып сәндейміз, ал жұмыртқаның сарысын үккіштен шығарып, бетін жасаймыз. Аяз атаның мұрны мен тақиясын қызыл бұрышпен, ал тақияның төбесін жарты жұмыртқаның ағымен әрлейміз. Көзіне зәйтүн жемісін қоямыз. Балалар, аяз атаға сендер де осындай тағамды тарту етіңдер!
Ас дәмді болсын!
Дайындаған: Адина ЕРҚАРАЕВА
Қайнар көзі: moldir-bulak.kz