Ақпарат көзінің дерегінше, бұл туралы ел аузындағы аңыздар былай деп сыр шертеді. Ықылым замандарда адамдар өздерінің ең сұлу қыздарын орман елестеріне құрбандыққа беру үшін ағаштарға байлап кететін болған. Аязға үсіп қалған қызды қорек еткен жауыз күштер сол жылы сұрапыл дауылдарды жібермейді екен. Бір күні дәл осындай құрбандық үшін байланған қыз тірі қалады да, Аяз оны өзіне әйел етіп алады.
Кейбір аңыздар Аяз Ата Ақшақарды мұз бен қардан жасап алған дегенді айтады.
Бұл деректердің қайсысы ақиқат, қайсысы аңыз екендігін ешкім дөп басып айта алмайды. Сөйтсе де, Аяз Ата мен Ақшақар біздің бөбектеріміздің асыға күтетін мейірімді кейіпкерлері болып қала бермек.