Еркектер неге семіреді?
21.12.2017, 09:47

Еркектер неге семіреді?

Артық салмақ туралы тек қана әйелдер ойланады десек қателескен болар едік. Көптеген ерлер отбасын құрғаннан кейін күрт толысып кеткенін айтып, шағымданып жатады. Тіпті достарының арасында «үйлену саған жаққан екен» деп те әзілдеп жататындары бар. Бірақ, бұл күлкі тудыратын жағдай емес, шынында да ерлер неге күрт толысып кетеді, себебі неде? Бұған "Мырза" газеті жауап іздеп көріпті. Назар салалық. 

1. Жұмысбасты еркектердің дұрыс тамақтанбауы, түскі үзілісте қорытылуы баяу құрғақ тамақтарды жей салу, ал керісінше кешкі асқа келіншегі дайындаған майлы асты ашқарақтана жеу семіздікке апарар тура жол.

2. Қозғалыстың аздығы, яғни күні бойы кеңседе компьютердің алдында тапжылмай отыру немесе көліктен түспей жүру ағзада артық колорияның жиналуына әкеп соғады.

3. 30 пайыз ерлер отбасындағы депрессиядан, күйзелістен, ұрыс-керістен, төсек қатынасының қалыпты жағдайдан ауытқуынан да семіріп кетеді. Есіңде болсын, ер-азамат, 15 минуттық секс ләззаты 15 минуттық жүгірістен әлдеқайда артық колорияны жейді.

4. Сыраны көп ішу де семіздікке ұрындырады. Сіз мүмкін сыраның колориясы шұжықтікінен көп емес деп ойлайтын шығарсыз. Солай бола тұрса да, сырамен қосып жейтін ұсақ дәндер, жаңғақтар, шекілдеуіктер ағзадағы майды жинайды. Жатар алдында сыраны көп ішетін адамдар, бүйрек ауруына шалдығады.

5. Темекі шегуді тоқтатқан адамдар толысып кетуден қорқады. Ол темекіні қойғаннан емес, тәбетіңіздің ашылғандығынан. Егер сіз темекі шегуді шектеген болсаңыз, онда дұрыс тамақтану тәртібін жасаңыз. Егер осы айтылғандардың сіздің семіруіңізге еш қатысы болмаса, онда эндокринолог дәрігерге көрінгеніңіз абзал.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер