Жапа шеккендердің барлығы – 13 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер.
Қайғылы жағдай Милла қаласының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде теміржол өткелі жабық тұрған. Ал пойыз сағатына 80 шақырым жылдамдықпен жүйткіп келген. Соқтығыс салдарынан автобус екіге бөлініп кеткен. Қазір апатқа байланысты теміржол қатынасы уақытша тоқтатылып, тергеу амалдары жүріп жатыр.