Бір үйдің 3 қызы болыпты деседі. Үлкені - жалқау, ортаншысы бетпақ екен. Ал үшіншісінің қолынан келмейтіні жоқ, өзі сондай мейірімді, әдемі болыпты.
Бір күні бір кісі келіп, әлгі қыздарға:
- Мен Тағдырмын. Отырыңдар арбаға. Сендерді күйеуге беруім керек - депті.
Қыздар "Құдай бізге байды портішкеден беретін болды ғой" - деп қуана-қуана арбаға жайғасып алыпты.
Содан аттарын қамшылап отырып бір ауылға келіпті. Бір үйдің алдында бір жігіт жұмыс істеп жатыр екен. Істеген ісінің бәрі бірден өз орнын табады екен. "Өте пысық әрі шебер жігіт құсайды" - деп Тағдыр оған бірінші қызды беріп кетіпті.
Екінші бір ауылға келсе, ол ауылда бір жігіт бар екен. Кім келсе де, көмек қолын аямай, көмектесіп, тірліктерін шешіп беруді жаны қалайды екен. "Мына жігіт өте мейірімді" - деп Тағдыр оған екінші қызды тастап кетіпті.
Содан жүріп отырып үшінші ауылға келіпті. Ол ауылда өлесі мас, жүруге шамасы жоқ, көшеден өткен-кеткенді балағаттап, шалшықта аунап бір жігіт жатыр екен. Тағдыр үшінші қызға қарап:
- Міне, сенің байың! - депті күрсініп.
- Үйбәй, Тағдыр аға! Бұл қай сасқаныңыз? Ана екі әпкеме жақсы екі жігіт тауып бердіңіз ғой. Маған кімді тапқансыз? - десе, Тәкең: - Бәрін түсініп тұрмын. Бірақ мына жігіт сенсіз, өз-өзін жоғалтып, құрдымға батып, құрып кетеді ғой - депті...
Әр әзілдің астарында бір шындық. Ал сіз қалай ойлайсыз?