Бедеуліктің себептері және оның алдын алу
07.12.2017, 09:35

Бедеуліктің себептері және оның алдын алу

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша "бедеу неке" деп жұбайлардың екеуі де бала табуға қабілетті жаста бола тұра, бір жыл бойы контрацепсіз, үнемі жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жүктіліктің жүзеге аспауын айтады.

Жүктілік

Қазіргі таңда әйел және еркек бедеулігі теңесті деуге болады. Бала  табуға қабілетсіздік отбасы үшін ауыр психологиялық салдары бар  қайғы болса, жалпы қоғам үшін экономикалық және әлуметтік салдары бар күрделі мәселе болып табылады.

        Себептері:

Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (хломидиоз, микоплазмоз, соз (гонерея), жыныс мүшелерінің ұшығы, мерез және т.б) Жүктіліктің алғашқы кезеңінде жасалған түсіктер. Несеп-жыныс жолдарда дамып отыратын қабыну аурулары. Гормоналдық ауытқулар.

Басқа да маңызды себептері:

 Бұрын ауырған жұқпалы аурулары.  Бала кезінде шалдыққан аурулар.  Эндокринді аурулар.  Жұқпалы ошақтардың бар болуы.  Жыныстық жетілудің бұзылуы.  Жағымсыз экологиялық жағдайлар.

Жылама 

Бұл жағдай жұбайлардың гендік тұрғыдан қаралуын талап етеді. Ішімдікке салыну, темекі шегу, есірткі заттарын тұтыну және несеп жыныс жолдарының дамуындағы туа біткен кемістіктер бедеуліктің негізгі себептері болып табылады.

Бедеулікке әкеліп соқтыратын патология өте күрделі және жан жақты қаралуды, көптеген мамандардан кеңес алуды, әрі ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді.

Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудан сақтанып, күтпеген және жоспарланбаған жүктілікті болдырмай (аборттың алдын алу), жұқпалы және созылмалы ауруларды, етеккір айналымының бұзылуы анықталып, емдеу арқылы, кейбір жағдайларда, бедеуліктің алдын алуға болады.

Егер сіз неғұрлым ертерек акушер-гинеколог пен андрологқа қаралып, тиісті емі ертерек басталған болса, соғұрлым нәтижесі де сәтті болмақ.

© irisgul.wordpress.com

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер