Сәбидің бөлмесін дайындау
Ана мен жаңа туған нәресте перзентханадан келгенге дейін, олар үшін ең жарық бөлмені немесе бөлменің ең жарық бөлігін дайындап, ондағы барлық заттарды шығарып тастау қажет. Алдын ала шағын косметикалық жөндеу жасап жіберген абзал, егер бұл белгілі бір себептер бойынша мүмкін болмаса, бөлмені жуып, тазалау қажет. Үйдегі шаңда сәбиге үлкен қауіп төндіретін микроп көп болады, ал таза ауа балаға оның өкпесінде ауа айналымы дұрыс жүруі үшін қажет, бұл көптеген аурулардан алдын алады. Бөлмені ең кемі 3 рет желдетіп отыру қажет: таңертең, күндіз және кешке. Жылы уақытта терезені немесе желдеткіш терезені ашып қоюға болады.
Бөлме температурасының 20-22 градус болу қажеттігін ұмытпаңыз. Жаңа туған нәрестені күтуге арналған заттардың барлығын, соның ішінде киімдерін, алдын-ала дайындалған бөлмеге қойған дұрыс. Бұл шаралар алғашқы апталардағы нәрестенің күтімін айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені сәби үйге келгенде, әдетте, әуре-сараң көбейіп кетеді.
Кіндікбау қалдықтарын күту
Кіндікбаудың қалдығы кірленіп кетпеуі және ертерек кебуі үшін күніне 2 рет тазартып отыру қажет. Оның айналасы қызарып кеткен болса немесе кіндік жарасынан қандай да бір сұйықтықтар бөлініп жатса, педиатр көмегіне жүгіну қажет. Баланы перзентханадан келген күннің ертесінен бастап шомылдыра бастау қажет. Алғашқы күндерінен бастап, кіндік жарасы толық жазылғанға дейін шомылдырған дұрыс.
Баланы шомылдыру үшін қажетті заттар:
1) Кішкентай ванна (фаянс, эмаль немесе пластмаса)
2) Қайнаған сумен шаюға арналған ыдыс
3) Судың температурасын өлшеуге арналған термометр
4) Бала сырғып кетпеуі үшін ваннаның түбіне орамал немесе төсеме
5) Сүрту үшін үлкен жұмсақ орамал (тек қана сәбиге арналған)
6) Жеке басының бұйымдары (кішкентай тарақ, жұмсақ сусабын, балаларға арналған сабын, мақта тампондары)
7) Сәбидің киімдері, таза жаялық.Сәбиді тәуліктің кез-келген уақытында шомылдыруға болады, бірақ ең дұрысы баланы емізер алдында (сағ 21-де) шомылдыру. Кешкі уақытта күнделікті шомылуға шартты рефлексін қалыптастыру бала өмірінің келесі кезеңдері үшін аса пайдалы болуы мүмкін. 6 айға дейін жастағы дені сау сәбиді күн сайын, ал 6 айдан асқан сәбиді күн ара шомылдырған жөн. Күн ыстықта сәбиді кез-келген жаста, күн сайын шомылдыру керек.
Баланың терісін күту
Баланы күнде жуындыру қажет. Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады. Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет.
Қыздардың сыртқы жыныс мүшелері үлкен дәрет қалдықтарымен кірленбеуі үшін, алдынан артына қарай жуады. Содан соң таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен сүртіп, шап және бөксе іркістеріне балаларға арналған май жағады.
© irisgul.wordpress.com
Пікір