Сіздің бар уақытыңыз минутына дейін жоспарланып қойылған болса да немесе Сіз бірнеше артық килограммды тастағыңыз келген болса, таңғы асты жүре жеу немесе таңертең мүлдем тамақтанбау бұған көмектеспейді. Шынына келгенде, мезгілсіз тамақтану және таңғы асты жемеу салдары денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін, яғни ол ең маңызды үш функцияның бұзылуына әкеледі:
1) Ақыл-ой
2) Дене іс-қимылы
3) Әлеуметтік
Таңғы ас мәзірін жиірек ауыстырып отыру қажет. Әр түрлі азық-түлікті үйлестіру дұрыс тамақтанудың кепілі, өйткені әр түрлі азықтың құрамына әр түрлі нәрлі заттектер мен дәрумендер болады!
Таңғы ас
Күнді сергек бастау үшін адам ағзасын нәрлі заттектермен қамтамасыз етеді.
Күні бойы жүре жеу қажеттілігін төмендетеді, осылайша адамның тәбеті реттеледі.
Екінші типті диабет және жүрек – тамыр ауруларының пайда болу мүмкіндігін азайтады.
Таңғы шаршауды және ұйқышылдықты азайтады.
Дененің қалыпты салмағын сақтауға көмектеседі.
Гормоналды фонды және қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға көмектеседі.
Дененің қалыпты салмағын сақтауға көмектеседі.
Арықтауға көмектеседі
Адамның қуатын арттырып, көңіл- күйін көтереді
Денсаулықты жақсартады және өзін-өзі жақсы сезінуге көмектеседі
Назарын бір жерге шоғырландыруға көмектеседі және ойлау қабілетін жақсартады.
Күн сайын таңғы ас ішетін адамдар саны уайымға салынбай, күйзеліске сирек ұшырайды және біршама салауатты өмір сүреді.
Әрбір күніңіз таңғы астан басталуы қажет екендігі есіңізде болсын!
© irisgul.wordpress.com