Шығыс күнтізбесі бойынша 2017 жыл – Тауық жылы. Мүшел есебінің оныншы жылын қызыл немесе отты қораз жылы деп те атайды. Сонымен, биылғы «оттай лаулаған» жыл баршамызға не береді? Қораздың биыл қандай мінез танытатынын Baq.kz тілшісі анықтап көрді.
Тауық жылы қандай болады?
Тауық жылы туар-тумастан, Мешіннің өзі кетпей жатып ақ, қалың қардың басын биыл да көріп отырмыз. Оның арты немен ұласары әзірге тек Жаратушыға ғана аян. Ал енді жауырыншылар мен болжағыштар не дейді?..
2017 жылдың бірқалыпты өтпейтіні анық. Биылғы жылдың символы сияқты 12 ай ширақ мінез танытады. 2017 басында қораз бірқалыпты, байсалды болғанымен, көктемге қарай құс түрлі жаңалықтарымен баршаны әуре-сарсаңға сала бастайды. Бұл жылдың басты қағидасы – өмірдегі кез-келген өзгеріске философиялық тұрғыдан қарау. Жалқаулықты ұмытқан адамдар үшін қораз жылы берекелі болмақ. Ептілердің қызметі өсіп, оларға көптеген ұтымды әрі тиімді ұсыныстар жасалады. Десек те, 2017 жылы тым асығып кетпеңіз, одан да өзіңізге сай келетін ыңғайлы жұмысты таңдаңыз.
Қораз жарқырап топтың алдында жүргенді ұнататындықтан адамдардан да сондай мінез күтеді. Түрленіңіз, бейнеңізді құбылтып, «эксперимент» жасаңыз, себебі қораз өзгерісті ұнатады. Қатып қалған ережеге бағынбай, өз ішкі түйсігіне сенетіндерге жыл символы міндетті түрде көмекке келеді.
Алдағы жылда кез келген интеллектуалды жұмыс өрге басады, әсіресе шығармашылық еңбекпен айналысатындардың жолы болады.
2017 жыл қаржылық тұрақтылығымен де қуантады. Себебі, қораз шоқып жейтін дәнді іздеп жүріп табады. Ол бұнымен шектелмей, баршаға тиімді табыс көзін табуға көмектеседі. Қораз барлық жұлдыз белгілеріне құрмет көрсетеді, әсіресе осы жылы туғандардың барлық салада жолы болмақ.
Жалпы қораз жылы қызығы мен шыжығы көп жыл болады. Жеке өмір ұмыт қалмайды, таныстықтар көбейіп, өз тағдырын кездестіргендер де аз болмайды. Сондықтан, басы бос жандар жақсы жаңалықтың ауылы алысы еместігін аңғаруы керек.
Отбасылы адамдардың өмірі де бірқалыпты болмайды, жанұя мүшелері, әсіресе, балалар қуаныш сыйлаумен болады. Сәбиі жоқ отбасылар да биыл бала сүюді ойластырғаны жөн болар. Себебі, қораз жылы туған балаларды жарқын әрі ғажайып өмір күтіп тұр деген болжамдар жиі кездеседі. Қораз жылы туған сәбилер саясатта, жалпы өмірдің кез келген саласында биік асуларды бағындырады екен.
Сонымен, 2017 жыл әр адамның өміріне тек бақыт пен сәттілік сыйлайды, себебі «оттай лаулаған» қораз жылында проблема мен келеңсіздікке уақыт мүлде қалмайтын сияқты.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫSilteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13