Челябинск қаласындағы "Этерно" кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесуде президент мемлекетті басқару қызметі аяқталған соң саяхаттауды армандайтынын айтты.
"Қазір менің бар саяхатым әуежайдан ғимаратқа, одан қайтадан әуежайға қайтумен ғана шектеледі. Сөйтіп бір жерге барып келгендей боласың. Мен басқаша саяхаттағанды қалар едім, табиғатты тамашалап, қандайда бір тарихи орындарды көргім келеді", - деді Путин.
Бұған дейін Владимир Путин 2018 жылғы президент сайлауына қатысу туралы шешім әлі қабылдамағанын мәлімдеген болатын. Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол болашақ мемлекет басшысы жас әрі "ақыл тоқтатқан" адам болуы керек деген еді.
Путиннің өзі 7 қазанда 64 жасқа толды.