Показать содержимое по тегу: қазақ күресі
«Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының құрылтайшысы, күш мәдениетін зерттеуші Абылайхан Қалназаровтың «Оңтүстік Қазақстан» газетіне шыққан «Қазақ күресіне арналған музей ашылуы керек» атты осы басылым журналисті Әтіргүл Тәшімге берген сұхбатының бейресми кең нұсқасы.
Бұл қазақ дүниетанымы мен мәдениеті толық қабылдаған жекпе-жек түрі. Жауынгер халық пен алапаты асқан батырлар қайдан шықты?
Қазақстанда мәдениеттанушы көп. Алайда бір өзі бір институттың жұмысын атқарып, ең актуальды да тың салаларды қопара зерттеп, жоғалған дүниелерді мемлекеттен де, демеушілерден де еш қолдау көрмей өз өлермендігімен қазаққа қайта оралтып жүргендері аз. Бүгін біз «Ұлы даланың күш мәдениеті» ұғымын айналымға қосып, тыңнан түрен салған мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаровпен болған интервьюді назарларыңызға ұсынамыз.
Әзелден қазақ пен қырғыздың Алатауды тең жайлағаны мәлім. Бүгін де қанаттасып, бір-біріне тілеулес те демеу болып отыр. Екі ұлттың үркіншілік кезеңдердегі өзара көмек тарихы қандай-ды! Әсіресе, қырғыздың қазаққа жанкүйерлігіне Қаралы қаңтар оқиғасында кеңінен куә болдық. Бірақ қазақтың жүрегінде қырғызға қатысты қашаннан жазылмай, бітпей, қанталап келе жатқан бір жарасы бар. Ол жараның әңгімесін қырғыз тақырыбы көтерілген жерде айтып өтуді әр қазақ өзіне міндет санап алғандай, ыңғайсызданатын тұс көп-ақ.