Іс-шара барысында «Walt Disney» компаниясының қазақ тіліне дубляждалған «Қайтпас қайсарлар» анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті.
Айта кетейік, Ұлттық арнаның кинодубляж бөлімі әлемдік компаниялардың мульфильмдерін бірнеше жыл қазақ тіліне аударып келеді. Мультфильм аяқталған соң балақайлар "balapan" телеарнасының мульткейіпкерлерімен бірігіп шырша мерекесіне аттанды. Ортада құрылған шыршаны айналып ән салып, би билеп Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған мерекелік кеште түрлі сый-сияпаттарға ие болған балалар жаңа жылдық тамаша көңіл-күйге бөленді.
Осындай шараларды телерадиокорпорация болашақта да жалғастырмақ. Ал, 31 желтоқсанда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы Диснейдің әйгілі «Рапунцель » атты мульфильмін кішкентай көрермендеріне тарту етпек.