«Туған» да емес, «туылған» да емес, екеуін де қолдана берейік
06.12.2017, 16:33

«Туған» да емес, «туылған» да емес, екеуін де қолдана берейік

Әлеуметтік желілердегі «туған» мен «туылған» деген сөздердің төңірегіндегі дауға нүкте қойып, екеуін де өзге түркі халықтарынан артықшылық ретінде қатар алып жүру жайлы танымал блогер Тұрсынбек Тұрапбек facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды silteme.kz порталы.

«Осы «туған» мен «туылған» деген сөздердің төңірегіндегі өзібілермендік жазбалар мен өзімшіл пікірлерден мезі болғанымыз сонша, туғанымызға «пүшəйман» боп кете жаздадық қой. Не деген бітпейтін қырттық, езбелік осы?! «Қазақтың өзге жұрттан бір сөзі артық» - дегеннің бекер айтылмағанын осыдан - ақ байқай беріңіз. Бəріне баяғы ата - бабаларыңыз, қала берсе кейінгі тіл мамандары кінəлі, басқа халықтар сияқты тиянақты бір ұғымды алып, қалыптастырудың орнына, бүгінгі өздерің сияқты əр сөзді көкпарша тартқылап, «бүйректен сирақ шығарып» дауласуды ғана білген» дей келе: «Ал енді тілдік (сөздік ) анықтамалықтарда түркі халықтарының қалай «туып – туылатынын» өзіңіз оқып көріңіз:

Түріктер - догум кун
Əзербайжандар - ад гюн
Башқұрлар - тыуған кон
Татарлар - туган көн
Түркмендер - доглан кун
Қырғыздар - тууылган кун
Өзбектер - туғилган кун
Ұйғырлар - туғулған күн

Қазақтар - туған ( туылған ) күн. ( екеуі де қатар қолданылған деп берілген )
Көріп тұрғаныңыздай, біреу туып жатыр , біреу туылып жатыр. Оған бола тұтас халықтарды наданға теңеп білгішсінудің, болмайтын сөзге бола қызылкеңірдек болып таласудың қажеті қанша?
Қайта біз осы жерде өзіміздің «еуразиялық» ұстанымымызбен екі жаққа да түсінікті болатын екі сөзді де қатар алып жүрміз. Біздің өзгелерден артықшылығымыз да осында шығар», - деп сөзін түйіндеген блогер.

Өз кезегінде, қолданушылардың бірі бұған: «Əдеби тілде бұған дейін ақын-жазушылар қалай жазды, солай жалғасу қажет. Шынында, бір нұсқаны бекітпеген біздің терминологтардың қателігі. Мағауиннан асырып не айтуға болады?» десе, екіншілері: «Дүниеге келінгендер (туылғандар) мен кетінгендер (өлілгендер) ғой дау шығарып, пәлсафасымақтанып ана туады, анадан туылады деп қыртып жүрген» деп қарсылық білдірген.

Қалай десе де, өнбейтін дауға нүкте қоятын кездің келгені анық! Бұл жағынан Тұрсынбек Тұрапбекке қосылуға болады.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер