Показать содержимое по тегу: Казак
Казактардың Алтын Ордадан шыққандығы Ресейдің аса қатаң сақталған (әлі де солай) құпияларының бірі болды. Ақиқатты түсініп, өздерінің түріктерден тарағанын еске түсірмеу үшін ресей филологтары «хетман» (орысша – гетман) сөзін немістің «хауптман» (капитан), мичман сөзін ағылшынның «мидшифман» сөзінен шығарады. «Булаву» сөзі күлкілі болса да «булла» (лат. «була» - көпіршік, кішкентай шар) – ватикандықтардың кішкентай шар-мөрлерімен бекітілетін грамоталарымен ұқсастырып қойған. Ал «атаман», «кошман», «курень атаманы», «есаул» және түрік, моңғол сөздерінен шыққан басқа да атауларды айналып өтеді.