Показать содержимое по тегу: мжә
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салу айтылған. Бүгінде осы тапсырманы орындау үшін мамандар мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында студенттер үйін салу бойынша арнайы концепция дайындауда. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары бас қосқан жиында «Қазақстандық мемлекеттік - жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды silteme.kz AA.