Показать содержимое по тегу: Казактар қайдан шыққан – РАхметовтың алтынордалық версиясы (ІІ бөлім)
Казактардың Алтын Ордадан шыққандығы Ресейдің аса қатаң сақталған (әлі де солай) құпияларының бірі болды. Ақиқатты түсініп, өздерінің түріктерден тарағанын еске түсірмеу үшін ресей филологтары «хетман» (орысша – гетман) сөзін немістің «хауптман» (капитан), мичман сөзін ағылшынның «мидшифман» сөзінен шығарады. «Булаву» сөзі күлкілі болса да «булла» (лат. «була» - көпіршік, кішкентай шар) – ватикандықтардың кішкентай шар-мөрлерімен бекітілетін грамоталарымен ұқсастырып қойған. Ал «атаман», «кошман», «курень атаманы», «есаул» және түрік, моңғол сөздерінен шыққан басқа да атауларды айналып өтеді.