Бұл – ұлы жазушының мәдени құндылықтары мен еңбектерін насихаттау бағытында қолға алынған іс.
Оған қазынадан 219 миллион көлемінде қаржы қарастырылған. Аталған орталықтың жұмысы келесі жылы басталмақ. Қазіргі таңда оның сызбасы жасалып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Әбіш Кекілбайұлының атындағы орталық күніне екі мың адамды қабылдай алатындай болуы керек деп күтілуде. «Орталықты салу үшін Ақтау қаласының 19 «А» шағын ауданынан 5 гектар жерді құрайтын аумақ белгіленді. Мұнда жоспар бойынша кітапхана, мұражай, театр, демалатын алаң және ұлы тұлғаның ескерткіші болады деп күтілуде. Сондай-ақ орталықтың жанынан субұрқағын орнатуды да жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайындалу үстінде» - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат АҚЫБАЕВ.
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Ол - адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ол қазақ әдебиетіне «Елең-алаң», «Үркер» сынды шоқтығы биік туындыларын алып келді.
Нұржан ЕСЕТОВ
25.11.2016, 16:48
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы атында рухани орталық ашылады
Орталық заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың атында болмақ, деп хабарлайды nekhabar.kz.
Тегтер:
Пікір жазу