«Ел билеген хандарымыз, елді жаудан қорғаған батырлар, ел мен елді жарастырып, ауызбіршілікті нығайтып отырған билер мен игі жақсылар өздерін көзі тірісінде Ұлы бабаның қасына әкеліп жерлеуді өсиет еткен.
XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы тұсында қоңырат тайпасының қосындары Отан қорғау жолында үлкен шайқастарға қатысады. Осы шайқастарда қол бастаған батырлардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген Қоңырат Сүйіліш батыр.
Сүйіліш батыр Сауран қаласына орналасқан әскердің бас сардары болып, жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған ерлік істерімен танылған.
Музей директоры Жандос Әубәкір Сүйіліш батыр ұрпақтарын құттықтап, тізімге енгізілуіне орай сертификатты табыстады. Сонымен қатар, музей жанынан шыға бастаған «Ясауи мұрасы» газеті мен баспа өнімдерін сыйға тартты», - делінген хабарламада.