Қастың қасиеті
06.10.2016, 15:00

Қастың қасиеті

Пайғамбарымыздың қас туралы айтқан хадисін ғылым бүгінде растап отыр, деп хабарлайды muftyat.kz.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сіздерден қайсыбіріңіз май (крем) жаққысы келсе, алдымен қастарынан бастасын. Бұлай істесе бас ауруы қайтады. Қастар – адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар» деген екен (Хикам ән Қатада (р.а.), Рамуз әл хадис).

Хадис қас пен бас ауруы арасында байланыс барын әрі қастың адам баласында ең алғаш пайда болған қылдар екендігін айтуда.

Пайғамбарымыздың айтқан медициналық мұғжизасын ол кезде елдің түсіне қоюы екіталай болатын. Өйткені ол үшін ана жатырындағы ұрықтың микроскоппен әбден зерттелуі керек еді.

Қазіргі таңда медицина факультетінде оқытылып жатқан проф. Док. Увейс Маскорға тән «Эмбриология» дәріс кітабының 207-бетінде былай жазылған:

«Ұрықтағы алғашқы қылдар эмбрионның Ч – кезеңінде біте бастайды. Ең алдымен қастар пайда болады».

Қазіргі медициналық жаңалықтар Пайғамбарымыздың айтқандарын кезегімен растауда.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер