Ақтөбе әкімдігі 15 мектепке директор іздеп жатыр
05.10.2016, 17:02

Ақтөбе әкімдігі 15 мектепке директор іздеп жатыр

Ақтөбе әкімдігі 15 мектепке директор іздеп жатыр А.Сағындықова

Ақтөбе қалалық білім бөлімі 15 мектеп директоры мен 2 балабақша меңгерушісіне байқау жариялап, прокурор, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ашық конкурс өткізіп жатыр, деп хабарлайды bnews.kz.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, директорлар зейнетке шыққан, қоныс аударып, өз еркімен қызметінен кеткен.

Ақтөбе қаласында 70-ке жуық білім ордасы бар. Оның үшеуі биыл пайдалануға беріліп, директор қызметін жауапты адамдар атқарып жүр. Ал өзгесі зейнетке шыққан, қоныс аударып, өз еркімен қызметінен бас тартқан. Сондықтан, жаңа оқу жылында 15 мектеп басшысыз қалды.

«Ел арасында мектеп пен балабақшаға таныс арқылы жұмысқа кіреді деген ұғым бар. Сөз ермесін деп конкурсты ашық түрде өткізіп отырмыз. Жаңа тағайындалған басшылар мектепке қажетті кадрдың білімі мен тәжірибесіне, біліктілігіне қарайды деп сенім білдіреміз. Бәрі ашық түрде өтуі тиіс», - дейді қала әкімі Ілияс Испанов.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласының білім бөлімі № 9, 17, 24, 25, 28, 32, 38, 42, 46, 51, 60, 61 және Заречный мектеп-бақшасы, Қызылжар, Благодар орта мектептеріне директор іздеп жатыр. Яғни, 15 білім ордасында жауапты қызметкер тағайындалмаған. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, олар қоныс аударған, зейнетке шыққан, қызметінен өз еркімен бас тартқан.

Сонымен қатар, қалалық оқушылар сарайы, В.И.Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебі, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі мен «Ақ желкен» аула клубына басшы қажет. Тіпті, №30 «Ұрпақ», №51 «Жарқын бала» балабақшасына меңгеруші таңдалды. Конкурсты «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, білім сапасын қадағалау департаментінің өкілі, прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі секілді әртүрлі мемлекеттік орган өкілдері бақылады. Мектеп директоры қызметіне – 48, балабақшаға – 2, қосымша білім беру ұйымдарына 7 үміткер тіркелді. Басым бөлігі білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мұғалімдер мен ауыл әкімдері, колледж оқытушылары болды.

«Директорлық қызметті ұнату дұрыс емес. Біріншіден, ұстаздық жұмысты ұнату, сүю қажет. Жылдар өтіп, белестерге жетіп, белгілі бір дәрежедегі орынды иеленген соң директор болуды ойлаған жөн. Екіншіден, конкурс әр ауданға бөлінген. Мен қала маңындағы ауылда тұрамын, жұмысым қаланың ортасында. Таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін үйде болмаймын, балаларымды тәрбиелеуге үлес қоса алмаймын. Сондықтан, егер мектепте директор болсам, балаларыма көңіл бөлемін, отбасыммен уақыт өткізуге мүмкіндік аламын. Екі мақсат мені осы конкурсқа әкелді. Нәтижесін күтеміз»,- дейді үміткер Марат Рамазанов.

Авторы: Алтынай Сағындықова

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер