«Аманат» фильмі «Оскарға» ұсынылды
30.09.2016, 16:13

«Аманат» фильмі «Оскарға» ұсынылды

Қазақ режиссері Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильмі «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскарға» ұсынылды, деп хабарлайды egemen.kz.

 Бұл туралы мәлімет Hollywood Reporter сайтында жазылыпты.

Тарихи драма репрессияға ұшыраған тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырына арналған. Ермұхан Бекмаханов Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы ғылыми тұжырымдамалар жасаған. «Қазақфильм» студиясының «Аманат» картинасы 2016 жылдың 19 мамырында прокатқа шыққан болатын. Сюжет бойынша – үш желі мен үш кейіпкер – Кенесары, Ермұхан және Рамазан – әрқайсысы ойды өздігінен жеткізгісі келеді. Сатыбалды Нарымбетовтің айтуына қарағанда, сценаристердің жобасы бойынша, өтпелі желі – әр кейіпкердің ұлттың бостандығы мен тәуелсіздігіне деген мұраты. Басты кейіпкерлер Халиманың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова, Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов сомдаған. Актерлер Санжар Мәдиев пен Қарлығаш Мұхамеджанова баспасөз мәслихатында түсірілім алдында тарихи деректермен танысып шыққанын айтқан болатын.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер