Ақмола облысына 150-ге жуық дәрігер қажет
30.09.2016, 14:52

Ақмола облысына 150-ге жуық дәрігер қажет

Ақмола облысында 150-ге жуық дәрігер жетпейді, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құлышева:  - Биыл облысымызға 313 медициналық маман келді. Оның 51-і дәрігер және 262-сі орта дәрежелі медицина қызметкері. Әлі 150 маман жетпейді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басшысы.  Құлышеваның айтуынша, жалпы, тәжірибелі дәрігер, неонатолг, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, аллерголог, психиатр және онколог дәрігерлер өте қажет. Мәселен, Ақмола облыстық балалар ауруханасына кем дегенде 13 нозолог дәрігер жетпейді.  -Кадр мәселесі өте қиын болып тұр. Педиатрлар тапшы. 13 нозолог, ультрадыбыстық диагностика, анестезиолог-реаниматолог, гематолог, клиникалық фармаколог, фармацевт, неонатолог, аллерголог, ревматолог, офтальмолог мамандар керек, - деп айтты медициналық мекеменің бас дәрігері Серік Ақшалов.  Медицина кадрларын тарту жоспары аясында 2015 жылы облыс басшысы Сергей Кулагин бес жыл ішінде 120 түлекті медициналық академияға оқуға жіберіңдер деп аудан және қала әкімдеріне тапсырма берді.«Жергілікті бюджет есебінен медициналық жоғары оқу орындарында 105 студент, оның 71-і шаруашылық субъектінің есебінен білім алады», - деп нақтылады Г. Құлышева.Сондай-ақ, әкім грантын иеленген 20 студент те тегін оқып жүр.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер