ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ертең, 7 қыркүйек күні ХШЖК (Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі) негізгі сахнасында «Астана Балет» театрының қатысуымен мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді. Сондай-ақ Ұлттық музей қорындағы жәдігерлердің көрмесі ұйымдастырылмақ. Сенбінің кешінде Ресей астанасының аспанында танымал опера әншісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, «Астана сазы» этно-фалькорлық ансамблі, есімдері Ресей жұртшылығына жақсы таныс жас таланттар Ержан Максим мен Данелия Төлешевалар ән қалықтады.
- Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас өте жақсы дамып келеді. Қазақстанның мәдениет күндерін өткізудегі басты мақсатымыз – ресей жұртшылығын қазақ халқының өнерімен, дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру. Ертең ашылатын шара РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасы аясында өтіп жатыр, - деді баспасөз-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
8-9 қыркүйек күндері Мәскеу тұрғындары мен қонақтары қазақстандық «Әміре», «Алтын тақ» киноларын тамашалай алады.
Қазақстанның Ресейдегі мәдениет күндері 7-11 қыркүйек аралығында өтеді.