«Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауы жарияланады
06.08.2019, 22:56

«Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауы жарияланады

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ CISC мемлекеттік грант аясында «Адырна» ұлттық порталында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауын жариялайды.

Мақсаты:
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дүние-танымдық ерекшеліктерін, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау. Оларды өзге мәдени экспанциялар мен жат ағымдардан қорғау.

Шарттары:
Мақала қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналуы тиіс;
Мақала 10 беттен аспауы керек;
Мақала бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
Көркемдік ерекшелігіне, тіл байлығына, грамматикалық, стилистикалық сауаттылығына баса мән беріледі;
Мақаланың «Адырна» ұлттық порталындағы оқылым көрсеткіші де ескеріледі.


Бас жүлде: 300 000 теңге
1 орын – 250 000
2 орын – 200 000
3 орын – 150 000;
Екі авторға арнайы сыйлық 80 000 теңгеден.

Байқаудың мерзімі: 20 сәуір мен 30 қазан аралығы

Байқауға қатысатын мақалалар ongarkabdenov8gmail.com электронды поштасына жіберілуі керек.

 

 

«Туған жер» шығармашылық байқауының  ЕРЕЖЕСІ

 

Байқаудың мақсаты – жастардың патриоттық шығармашылығын дамыту.

Байқаудың міндеттері:

  • Жастардың ізденісін артыру;
  • Жастарды туған жерінің патриоты болуға баулу;
  • Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;
  • Ақын-жазушылар, суретшілер, өнертапқыштар мен жастар арасында байланыс орнату арқылы жастарға кәсіби мотивация беру;
  • Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) білікті жас мамандарды және өз ауылының көркеюіне үлес қосып жатқан кәсіпкерлерді БАҚ арқылы насихаттау.

Байқау 4 номинациялары:

1-номинация. «Үздік мақала». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік эссеге, әңгімеге шығармашылық байқау жарияланады.

2-номинация. «Үздік поэзия». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік өлеңге шығармашылық байқау жарияланады.

3-номинация. «Үздік бейнелеу өнері». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік суретке, бейнелеуге шығармашылық байқау жарияланады.

4-номинация. «Үздік өнертабыс». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік ғылыми, тұрмыстық және т.б. өнертабысқа байқау жарияланады.

5-номинация. «Үздік бейнеролик». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік бейнероликке шығармашылық байқау жарияланады.

6-номинция. «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік дәстүрлі ән мен күйге шығармашылық байқау жарияланады.

Байқау шарттары: «Үздік мақала» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 5 беттен аспау керек.

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Өлеңнің көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 120 жолдан аспау керек.

«Үздік бейнелеу өнері» бойынша шығармашылық жұмыстар А3 форматындағы ватман қағазға (тығыздығы 200 граммнан кем емес) бейнеленіп, ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) жолдануы тиіс. Сондай-ақ суреттің электронды нұсқасы jpg (300 пиксельден кем емес) түрінде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдану керек.

«Үздік өнертабыс» бойынша шығармашылық жұмыстар анимациялық видеоролик (ұзақтығы 1 минуттан артық емес) немесе презентация (слайд) түрінде қабылданады.

«Үздік бейнеролик» бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында. Сондай-ақ бейнероликтің көлемі 1 минуттан артық болмауы тиіс!

«Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.

Бір қатысушы бір номинацияға тек бір жұмыс қана жібере алады, ал жалпы 1 қатысушы байқау аясында тек 2 номинацияға ғана қатыса алады, одан артық жұмыс ұсына алмайды.

Материалдар тек қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары қатыса алады.

Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмерін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

Байқау талаптары: Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 30-шілдесі күні Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2019 жылдың 30-тамызында сағат 17.59-да аяқталады.

Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды және «Адырна» ұлттық порталында жарияланбайды.

Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Туған жер») сай болу керек.

Байқау барысы:

Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының «Туған жер» айдарына жарияланады.

Жеңімпаздарды ақындардан, жазушылардан, суретшілерден, кәсіпкерлерден, журналистерден, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар 2019 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін қорытынды шығармашылық фестивальде марапатталады.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

Объективтілігіне;

Креативтілігіне;

Мазмұнына;

Көркемдігіне;

Сапасына;

Өзектілігіне және т.б.

қарай бағаланады.

Жүлде қоры

«Үздік мақала»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік поэзия»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік бейнелеу өнері»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік өнертабыс»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

 «Үздік бейнеролик» 

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңгедеп хабарлайды silteme.kz 

3-орын – 60 мың теңге

Ұйымдастырушылар:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры.

Толық ақпаратты 8 747 271 08 95 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).

“Адырна” ұлттық порталы 

деп хабарлайды  Silteme.kz     

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер