Жазушы Шерхан Мұртазаның 60 жасқа толған мерейтойында ақын Мұхтар Шаханов құттықтау сөз сөйлеп, сөзінің соңында:
– Сағынышымды сарқып айтқан,
Айта алмасымды тартып айтқан
– Ер аға! Алпысқа келіп ата болған,
Баукеңдерден бата қонған – Шер аға!
Талай қыздың еріні тиген,
Мұртыңыздан бір сүйейін – Кел, аға! – деген екен.