Қымбат маған қадам басқан ең алғашқы мектебім,
Болашақта мен өзіңнен білім алам деп келдім.
Алғашқы рет келгенімде сыныбына мектептің,
Қалам алып алғашқы рет аштым кітап беттерін.
Сауат ашып білім алдық ұлағатты ұстаздан,
Жеткізеді биік шыңға, құламайсың құздардан.
Болып кетті ұстазымыз, анамыздай екінші,
Талмасын деп қанаттарың , ұшырғандай ұядан.
Айлар өтіп, жылдар өтіп тәмамдадық мектепті,
Бірге жүрген мектептегі уақытымыз шектеулі.
Қимасақ та қоштасайық құрбы-құрдас достарым,
Заңы солай болады екен алтын ұя мектептің.
(Гүлназ Кабулова)