СІЗ ҚҰТЫЛУҒА ТИІСТІ ТЫЙЫМДАР
06.04.2018, 13:47

СІЗ ҚҰТЫЛУҒА ТИІСТІ ТЫЙЫМДАР

Мақсатқа жетуге кедергі келтіретін нәрселерге тым көп көңіл бөле берсеңіз, өмірдің шын бақытынан қағыласыз. Сонымен бүгіннен бастап:

• Түймедейді түйедей етуді доғарыңыз. Жаныңызды бірдеңе мазалағанда өзіңізден осы нәрсені бір жылдан соң еске алам ба деп сұраңызшы. Егер жауабы кері болса, онда бұл мәселені ойыңыздан шығарыңыз. Үрейіңізді ұмытыңыз.
• Қате болып қалады деуден қашпаңыз. Сізге зиянын тигізетін бір ғана қателік бар, алға қарай қадам жасатпайтын қорқыныш. Осы үрейден сан алуан мүмкіндікті уысыңыздан шығарып аласыз. Мақсатыңызға жете алмай қалуыңыз кәдік.
• «Мен жасай алмаймын» дегенді айтуды доғарыңыз. Генри Форд айтпақшы: «егер өзіңіз осы нәрсені істеуге қабілеттімін десеңіз, онда сіздікі дұрыс, істей алмаймын десеңіз, ол да рас».
• Өзіңізді өзгемен салыстыруды доғарыңыз. Кешегі өзіңіздің жеткен жетістігіңізбен ғана өзіңізді салыстырыңыз.
• Өткенге ойша орала бермеңіз, келешектен өзіңізді көруді қойыңыз. Өмір — сізбен дәл қазір болып жатқан нәрсе. Қазір және осында. Өткізіп алмаңыз.
• Шағымдануды доғарыңыз. Өмірім тас-талқан болды дей бергенше, оны түзеуді қолға алыңыз.
• Ренжімей өмір сүріңіз. Біреуді кешіргенде – сіз оны ол адам үшін ғана емес, өзіңіз үшін де жасап жатырсыз. Ашу мен реніш – адами болмысты құртатын қасиеттер, олар барда сіз толық бақытқа қол жеткізе алмайсыз.
• Күтуді доғарыңыз. Егер бүгін бастамасаңыз, ертең бітірмейсіз. Білім, зияткерлік, қасиет қолданбаса, еш пайдасы жоқ.
• Керек емес заттарды сатып алуды доғарыңыз. Қаржыңызды дұрыс жұмсаңыз. Әйтпесе сізді ақша басқарып кетеді. Өзгеге ұнау үшін алатын заттарға сатынбаңыз. Сіз онсызда құны жоқ адамсыз. Зат деген сізді әдіптейтін бұйым ғана.
• Бәрін өзім білемге салмаңыз. Бір бас — жақсы, екі бас — одан артық екенін ескеріңіз. Көмек сұраудан арланбаңыз. Керек кезде көмектескісі келген адамның қолын қақпаңыз. Жалғыздың шаңы шықпас. Бірлесе істеген істің нәтижесі айтарлықтай болмақ.
• Мінсіз болып көрінуден сақтаныңыз. Ең бастысы — өз мақсатыңызға жету. Мінсіздіктің оған еш қатысы жоқ.
• Өзгені айыптаудан сақтаныңыз. Мақсатыңыздың орындалу деңгейі мойныңызға жүктей алар жауапкершілік дәргейіңізге тәуелді. Бақытсыздығыңызға өзгені кінәласаңыз, жауапкершіліктен бас тартқаныңыз. Ендеше өз өміріңізді қадағалай алмағаныңыз.
• Орындай алмайтын уәде беруді доғарыңыз. Көп нәрсе уәде ете бермеңіз. Ерте ме, кеш пе әр сөзіңізге жауап беретін сын сағаты туатынын біліп жүріңіз.
• Қол боста артық тамақ іше бермеңіз. Тамақ — іш пысқанда жей беретін ермек емес. Ол аш қарынды тойдыратын несібе.
• Жаман нәрсені ойлай бермеңіз. Жетістікке жету үшін жақсыны ойлай алу өте маңызды. Егер күн сайын жақсы оймен оянсаңыз, бүгін ерекше бір нәрсе болады деп күтсеңіз, онда өміріңіз жақсы жаққа қарай өзгереді.
• Ұяла беруді доғарыңыз. Адамдармен жақын араласыңыз. Жаңа таныстардан қысылмаңыз. Өмірге пейіліңіз ашық болсын.
• Көреалмаушылықты адалаңыз. Қолда бардың қадірін біліңіз. Кей адамның тәлейіне сіздегі бақтың да жазылмағанын ескеріңіз. Бар бақытыңыз үшін шүкір етіңіз.
• Өзіңізді тым маңызды сезіне бермеңіз. Өмірдің қызығын көріңіз. Ойын-сауыққа уақыт бөліңіз. Сәттілік өзіне күле білетін адамның серігі.
• Көңіл-күй жақсы, не жаман кезде шешім қабылдамаңыз. Эмоцияға берілмеңіз. Эмоция зияткерлікті бағындырмасын. Маңызды шешім қабылдар кезде дұрыстап ойланыңыз.
• Бір нәрсені қайта-қайта жасай беруден сақтаныңыз. Альберт Эйнштейн айтыпты: «Ақылдан адасу — бір қателікті қайта-қайта қайталап, нәтижесі басқа болады деп дәмету». Өсу үшін өзіңізге өзіңіз бекітіп қойған шектен асып шығуыңыз керек.

©Шынар Әбілдә

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер