Күллі әлемнен жер астына жасырынғандар тек төңірегіне емес, күллі әлемге әйгілі болды
13.03.2018, 14:03

Күллі әлемнен жер астына жасырынғандар тек төңірегіне емес, күллі әлемге әйгілі болды

Бар-жоғы осыдан жарты ғасыр бұрын Тунис аумағындағы Жебел-Дақар жотасында орын тепкен  жерасты елді-мекендері барын ешкім білген жоқ еді. 1967 жылы жерасты тұрғындары құпиясын ашуға мәжбүр болды.

Өйткені, бәрібір әлемнен оқшауланып тығылып тіршілік кешу мүмкін емес. Матмата елді-мекені, тіпті, тек төңірегіне ғана белгілі болып қана қоймай, осы маңда «Жұлдыздар соғысы» фильмі түсірілгендіктен күллі әлемге әйгілі болды. Жергілікті жастар үлкен қалаларға ағылып, осы заманғы игіліктерге ұмтылды. Қазіргі уақытта жерасты мекен жоғалу алдында тұр. Жебел-Дақарлық берберлер жерасты баспанасын осыдан мың жылдан аса уақыт бұрын пайдалана бастаған еді. Олардың баспанасы қолдан қазылған кәдімгі үңгір: алдымен тереңдігі жеті, кеңдігі он метрге жететін ор қазған. Ол өз кезегінде ішкі сарай қызметін атқарған, яғни, дәліз болған.  Оның қабырғасын үңгіп, бөлмелер үңгіген екен.

38-летняя Латифа Бен Яхия с дочерью чистят горох, пока сын смотрит телевизор

38 жастағы Ләтипа Бен Иаһия қызымен ас қамына кіріскен, ұлы теледидар көруде

Кәдімгі үйлердегі секілді жерасты баспанада да қонақ күтетін бөлме, жатын бөлмесі, асүй бар. Бөлмелерді арасын дәліздер жалғап жатыр. 

69-летняя Мунджия ткет ковер в своем подземном жилище в Матмате

69 жастағы Мүнжия есімді егде жастағы әйел тоқыма тоқып отыр өзінің жерасты баспанасында

Аңызға қарағанда, берберлер жерасты баспанасын жаудан жасырыну үшін қазған. Бұдан бөлек,. жерасты баспана оларды жаз мезгілінде 45 градус аптап ыстықтан, ал қыста нөлден төмен суықтан қорғайды. 

 Салиха Мохамеди мелет пшеницу в своем подземном жилище в Матмате

Салиха есімді келіншек қолдиірменмен арпа тартып отыр. Балаларына азық болуы үшін

1967-ші жылға дейін олар әлемнен оқшауланып тіршілік кешті. 22 күнге созылған жауыннан үңгірелеріне су толып, баспанасында су астында қалып, биліктен көмек сұрады. Сол сәттен бастап, әлем жұртшылығы берберлер туралы естіп білді. 

 Салиха Мохамеди набирает воду на окраине Матматы

Тунис билігі баспанасын су алған берберлер үшін осы заманғы тұрғын үйлер салып берді. Амал жоқ, жерасты тұрғындары ата-бабасынан қалған баспананы тастап, сонда көшуге тура келді. 

 42-летняя Мунджия ведет осла к своему подземному жилищу в Матмате

42 жастағы Мүнжия есегін айдап келеді

Қазіргі уақытта жерасты баспанасын осы заманғы барлық жағдай жасалған (жазда желдеткіші қосулы, т.б.) тұрғын үйге алмастырмағандардың бірі 42 жастағы Мүнжия. Ақшасының жоқтығын алға тартқан ол жерасты баспанада құдықтан қауға тартудан, отын жинаудан қажығанын жеткізді. 

 Салиха Мохамеди сушит постиранную одежду у подземного жилища в Матмате

Десе де бәрі Мүнжия сияқты емес, мысалы, Ләтипа бен Йаһиа әкесінің де, анасының да осында қайтыс болып, осында тұрмыс құрғанын айтып, кеткісі келмейтінін тілге тиек етті. Ол бәрін ақшаға сатып алуға болатынын, тек тыныштықты сатып ала алмайтынын алға тартып отыр. 

 Туристы смотрят, как Салиха Мохамеди работает во дворе своего подземного жилища в Матмате

Десе де бұл жерде де тыныштық жоқ секілді. Туристер келіп, тамашалап кетеді. Мысалы, туристер 36 жастағы Салиханың қалай от тұтатқанын тамашалауда. Оның басында үйі, жанында күйеуі мен төрт баласы бар. Зәйтүн ағаштарын өсіріп, жемісін сатып әрі туристердің өздерінің тұрмысын тамашалағаны үшін тастап кететін азын-аулақ қаржысымен күнкөреді. Расын айту керек, туристер берберлердің қалай тіршілік кешкенін көру үшін емес, көбінесе "Жұлдыздар соғысы" киносы түсірілген жерді көру үшін келеді. 

64-летняя Айча сушит оливки на окраине Матматы

63 жастағы Айша зәйтүнді кептіруде

Четырехлетняя Ахлем карабкается по стене за кроликом

Салиха Мохамеди на кухне в своем подземном жилище в Матмате

Мұнда да үй жануарларының арасында мысықтарды кезіктіруге болады. Бір өкініштісі, жерасты баспаналардың дені жердің үстіндегі тұрпғын үйге көшіп кеткендердің зат-бұйым сақтайтын қоймасына, шеберханаға айналып кеткен. 

Матмата

Дереккөз: islam.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер