20-21 ақпанда Атыраудағы М. Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрда белгілі әнші Бауыржан Исаевтың концерті өтті. Оның келетіні жөнінде халыққа алдын ала хабарланбағандықтан, бірінші күні залда тек тоғыз ғана көрермен болды.
«Бауыржан Исаев концерті кейінге қалдыратын шығар деп ойладық. Бірақ ол сахнаға «не деген көп адам!» деген сөздерімен бастап шығып, 1998 жылы небәрі үш көрерменге концерт қойғанын әңгімеледі. «Ол концертпен салыстырғанда, бүгін аншлаг», - деп әзілдеді әнші. Әнші бізге ең жақсы әндерін шырқады, содан кейін отбасы жайлы айтып берді. Бауыржан Исаев кіші жүздің «тама» руынан шыққан екен. Үш қыздың әкесі», - деді кешке келген көрермендер.
Сұхбат кезінде белгілі болғандай, талантты әртіс өзіне қандай да бір шектеу қойылғанын қаламайды екен, сол себепті де, продюсерсіз, директорсыз, менеджерсіз жұмыс істейді. Концертті ұйымдасырумен әрқашан өзі ғана айналысады.
Қазіргі уақытта Бауыржан Исаев Астана қаласында тұрады, сол жақта жұмыс істейді. 2013 жылы Алматыда алғаш өткен есеп беру кешінен кейін бірден елордаға көшіп кеткен.
"Журналистер қайда жоғалып кеттіңіз, неге көрінбей кеттіңіз деген сұрақтардың астына алады. Бұл сұрақтарға жауап беруден шаршамаймын. Мен көп оқыдым, музыкалық колледжді аяқтадым, консерватория, аспирантураны оқыдым. Осының бәріне 10-12 жыл кетті. Мен бармын, сахнада жүрмін. Сүйікті көрермендерімді әлі талай қуантамын деп ойлаймын", - деді әнші.
Сондай-ақ, талантты орындаушы Астана, Алматы және Шымкент қаласындағы опера театрларынан түсетін коммерциялық ұсыныстар туралы әңгімеледі. Алайда бостандықты жақсы көретін әртіс, саяхаттан мүмкіндігінен айыратын, өзіндік шығармашылық жобаларды шығаруға кедергі келтіретін ондай жұмысқа дайын емес.