Аты шулы әнші Төреғали Төреәлі өзін жиі сынға алатын журналистер қауымына «Шаруам жоқ!» деп аталатын ән арқылы жауап бергенді жөн санапты, деп хабарлайды 31 арна.
Әннің астарында ақталу да жоқ емес. Әнші этикаға енді мән беретін шығар? Өйткені, жақында «Қатемді кешіріңдер!» деп концерт бергелі жатыр. Ғаламтордағы афишаларға қарағанда, Төреғали кешірім концертін Ақтау қаласынан бастамақ.