Әйгілі «Хатико» фильмінің актері Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап жүргенін айтты
14.02.2018, 13:14

Әйгілі «Хатико» фильмінің актері Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап жүргенін айтты

Әйгілі «Хатико» фильмінің актері Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап жүргенін айтты stan.kz

Ұлты жапон америкалық актер Кэри-Хироюки Тагава Қазақстан азаматтығын алғысы келетінін айтты. Актер фильм түсірілімі үшін арнайы Өскеменге келді, деп хабарлайды ustinka.kz.

Өскеменге одан бөлек акер Марк Дакаскос, Бай Лин, Майкл Мэдсон келді. Олар Қазақстан тарапынан болған өтінішпен деректі фильмге түсуге келді. Фильмде Шығыс Қазақсанның туристік жетістігі, өлкенің тарихы туралы айтылмақ.

«Әкім Даниал Ахметов аймақтағы өндіріс пен шикізат ресурстары туралы айтты. Алайда бастысы – халқы. Біз кинода облыстың ерекшелігін айтқымыз келеді. Менің жапон ретінде айтқым келетіні, біздің ұлт қазақпен ген жағынан ұқсас келеді. Мен өзім Қазақстан азаматы болсам деп жоспарлап жүрмін», – деді Кэри-Хироюки Тагава.

Кэри-Хироюки Тагава «Хатико: Ең адал дос», «Өлімге апарар шайқас», «Балақай» т.б. фильдерде ойнады.

©stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер