«Димаш Құдайбергенді танимыз. Ол француз тілінде ән айтады әрі оның Ақтөбе қаласынан екенін білдік. Қазақстандағы Франция елшілігі Димашпен бірге жұмыс істейді. Димаш- Қазақстан мақтанышы. Оны Францияда да таниды, жақсы көреді. Тіпті Францияда Димаштың фанаттар клубы бар. Фанаттары Димашпен кездесуді армандайды.
Жоспар бойынша көктемде Халықаралық франкофония мерекесін қолдаушы ретінде қатысуы мүмкін. Ән шырқауы да ықтимал. Ол француз тілінде ән шырқаудың маңыздылығы мен француз әні оған не бергенін айтады деп сенеміз. Сол кезде Ақтөбе қаласы туралы да ақпарат беруі мүмкін. Себебі, Ақтөбе туралы Франция аз біледі.
Екі ел арасындағы мәдени байланыс достығымызды нығайта түсері сөзсіз»,- деді Қазақстандағы Франция елшілігі, мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Гийом Касперски.