А.Мұхамедиұлы: «Шығармашылық адамы аш болса өнімді еңбек етеді»
05.12.2017, 01:10

А.Мұхамедиұлы: «Шығармашылық адамы аш болса өнімді еңбек етеді»

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы өнер адамдарының жалақысы жайында сөз қылды, деп хабарлайды sn.kz порталына сілтеме жасай отырып silteme.kz.

Министрдің айтуынша, мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген жандардың айлық-жалақысы расымен де мардымсыз. Дегенмен, шығармашылық адамы аш болса ол табысты еңбек етеді деп жұбатты министр өнер саңлақтарын.

«Жалақы расымен де төмен. Халықта айтады ғой, шығармашылық адамы аш болған сайын жемісті еңбек етеді деп. Мәселен, Бетховен, Моцарттар тақыр кедейлікте өмір сүріп, керемет туындылар ойлап тапқан. Бәлкім біздің дарындылардың әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетіп жүргеніне осы төменгі жалақылары себеп шығар. Қазір дарынды танымал өнер иелері өз күштерімен табыс тауып жүргенде, кітапхана, музей, мәдениет үйлерінің қызметкерлері расымен де қаражатқа өте мұқтаж», - деді А.Мұхамедиұлы.

Ал, Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева болса Мәдениет министрінің сөзін жоққа шығарып отыр. Оның айтуынша, 2005-2011 жылдар аралығында мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 5 рет көтерілген екен.

«Әр кезде 25-30 пайыздан өсіп отырды. Соңғы рет 2016 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасап шыққан жалақы төлем жүйесі енгізілген кезде көтерілді. Ең төменгі жалақы осы мәдениет саласында болғандықтан біз ол кезде айлықтарын 40 пайызға бір-ақ өсірдік», - деді вице-министр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова болса кітапханашылар мен архив қызметкерлері ең төменгі жалақы алатындар қатарында екенін айтты.
«Қазіргі таңда кітапханашылар жалақысы 50 мың теңгеден 70 мыңға, архив қызметкерлерінің жалақысы 44 мыңнан 66 мыңға көтерілді», - деді ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер