Шілдехана: шетелдікке дәстүріңді орысша және ағылшынша түсіндір
14.01.2018, 09:31

Шілдехана: шетелдікке дәстүріңді орысша және ағылшынша түсіндір

Шетелдіктерге ата ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді түсіндіремін десеңіз, мархабат!

Шілдехана

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда “балаңыздың бауы берік болсын” дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. “Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.

Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады.

“Ұл туғанға күн туады”, “Қыз туғанға ай туады” деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса — “атұстар”, қыз туса — “көйлек тігер” деп хабарлайды.

Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік калпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па!

Осы жерде жаңа туған сәбидің “жолдасы” туралы айтпай кетуге болмайды. Бұрын әжелер баланың “жолдасын” алып, жуып, орап оны аяқ баспайтын, ит-құс ала алмайтын жерге қастерлеп көмген. “Жолдасты жуған адамға кәде беріледі. Егер “жолдасы” далаға тасталса, әйел ауруға ұшырайды деген сенім бар. Сол сияқты әйел ылғи қыз туа берсе, онда туып жатқан баланың “жолдасын” алып, босанган әйелдің басынан айналдыратын да ырым бар. Сонда келесі бала ұл болып туады деген сенім болған. Халықтың мұндай салт, ырымдарының бәрін жоққа шығара беруге болмайды.

Шілдехана

Шілдехана — той (праздник) устраиваемый при появлении на свет младенца.

Днем знакомые и близкие приходят с пожеланиями, говорят “кұтты болсын”.

Вечером собравшиеся веселятся, поют песни, играют на домбре, угощаются. Шілдехана – праздник в честь новорожденного.

Shikdehana

Shikdehana is a toi organized when a baby is born.

At the daytime friends and acquaintances come to wish well, they say “kutty bolsyn” (be happy).

In the evening the guests gather and have fun, sing songs, play dombra (Kazakh national instrument with two strings), and enjoy their food.

© salt-dastur.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер