Күлімдеу – адам баласына келтіретін ешқандай материалдық шығыны және физикалық қиындығы жоқ дүние. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі. Күлімдеу – ішкі дүниеміздің сыртқа көрініс беруі. Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз. Күлімдеу - оны берген адамды шығынға ұшыратпайтын, алған адамды да байытатын ерекше күшке ие. Күлімдеу аз ғана уақытты алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады. Ешкім күлімдемейтіндей және күлімдеуге мұқтаж болмайтындай дәрежеде бай емес. Күлімдеу үйде бақыт, жұмыста табыс әкеледі. Күлімдеу – өзара құрметтің, сүйіспеншіліктің, адам болудың кілті. Ол шаршағанның мауқымын басады, үмітсізге шаттық пен өмір сыйлайды. Ол сатылмайды, өтінішпен, сұраныспен немесе азаппен келмейді. Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.
Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.
Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.
Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.
Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.
Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.
Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.
Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.
Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.
Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.
Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.
Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.
Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.
Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.
Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.
Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.
Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.
Күлімдеу өздігінен болмайынша ешкімге пайдасы тимейді. Кейбір адамдар қатты шаршағандықтан күлімдей алмайды. Олай болса оларға сіз күлімдеңіз. Күлімсіреген жүзге ең көп күлімдей алмайтындар мұқтаж.
Дереккөз: bilim-all.kz