Жаны жаннатта, топырағы торқа болсын. Жұмабек Омарұлымен қоштасу рәсімі ертең, яғни 25 шілде күні сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтеді (Абылайхан көш. 105 үй).
Жаны жайсаң азамат еді...
Тағдырдың жазуына шара бар ма?! Бүгін қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, белгілі публицист-жазушы, қоғам қайраткері, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы, жаны жайсаң азамат Жұмабек Омарұлы Кенжалин өмірден өтті. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, дос-жарандарына, замандастары мен әріптестеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.